Нөсерге байланысты Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әкімдіктің хабарлауынша, қаланың нөсер кәріз жүйесі мен тазарту құрылыстары жауын-шашынның мол көлемін қабылдап, штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар қаланың жекелеген учаскелерінде уақытша су жиналу жағдайлары тіркелген. Мамандардың түсіндіруінше, қысқа уақыт ішінде жауын-шашынның көп мөлшері түскен кезде нөсер кәріз жүйесі жиналған суды орта есеппен 40 минуттан 1 сағатқа дейінгі уақыт аралығында толық қабылдайды.
Әкімдік мәліметінше, коммуналдық қызметтер кәріз коллекторлары мен жаңбыр суын қабылдау құдықтарын тазалау, құбырларды бумен шаю, сондай-ақ нөсер кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Қазір барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.