Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып кетті

/
Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып кетті
istockphoto.com

Ақтөбе облысында еріген қар суы жиналған орда жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz «Диапазонға» сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 22 шілде күні кешке Әйтеке би ауданының Аққұм ауылында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім шомылуға тыйым салынған еріген қар суы жиналған орға түскен. Алайда өздігінен жағаға шыға алмай, суға батып кеткен.

Құтқарушылар оның денесін 23 шілде күні таңертең судан алып шықты.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Ведомство тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жабдықталмаған әрі шомылуға тыйым салынған орындарға түспеуге, сондай-ақ су айдындарының маңында балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары