Екібастұзда төтенше жағдай режимі енгізілді

/
Екібастұзда төтенше жағдай режимі енгізілді
видеодан скриншот

Екібастұзда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұндай шешім қала маңындағы Құдайкөл ауылын қалпына келтіруге бюджеттен шұғыл қаражат бөлу үшін қабылданды. Өткен демалыс күндері өңірде болған дауылдан ең көп зардап шеккен елді мекен – осы ауыл.

Қолайсыз ауа райы Павлодар облысында нөсер жаңбыр, екпінді жел және бұршақ түрінде байқалды. Салдарынан алты адам жарақат алды. Құдайкөл ауылында дауыл үйлердің шатырларын ұшырып, ондаған баспананы қиратып, әлеуметтік нысандарға зақым келтірді және электр беру желілерін үзді.

Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі нақтыланып жатыр. Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай режимі 22 шілдеден бастап енгізілген және дауылдың салдары толық жойылғанға дейін күшінде болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары