Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде 1-2026 шақырылымының 220-ға жуық жас сарбазы салтанатты түрде Әскери ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге серт берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Биылғы рәсімнің ерекшелігі – ант қабылдағандардың қатарында нәзік жандылардың болуы. Олар да ер азаматтармен қатар сапқа тұрып, әскери қызметтің жауапкершілігін мойындарына алып, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді.
Салтанатты іс-шараға әскери бөлім басшылығы, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Жиналғандар жас жауынгерлерге ақ жол тілеп, ел қауіпсіздігін қорғау жолындағы қызметтеріне табыс тіледі. Сондай-ақ, аталмыш іс-шарада жас сарбаздар әсерлі патриоттық ән айтып көптің қошеметіне бөленді.
Әскери ант – әрбір жауынгердің өміріндегі ең маңызды әрі жауапты қадамдардың бірі. Ал нәзік жандылардың бұл таңдауы – әскери қызметтегі ерлік пен патриотизмнің тағы бір айқын дәлелдеді.