«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының және айдауыл қызмет взводының қызметкерлері қарттар үйінің аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицейлер аумақты қоқыстан тазартып, шөптерді орып, ағаштардың түбін қопсытып, сырлап, мекеме ауласын ретке келтірді.
– Тазалық – әр адамның ортақ жауапкершілігі. Осындай игі бастамалар арқылы қоғамға пайдалы іс атқарып, үлкендерге құрмет көрсетуді маңызды міндет санаймыз, – деді қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Адильбек Козыбеков.
Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық акция. Жоба қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.