Таиландтан келген есірткіні сәлемдемелерге жасырған контрабандашы сотталды

/
Таиландтан келген есірткіні сәлемдемелерге жасырған контрабандашы сотталды
istockphoto.com

Алматыда алқабилердің қатысуымен өткен сот Таиландтан есірткі контрабандасы арнасын ұйымдастырушыны кінәлі деп танып, оны 16 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мен сот анықтағандай, сотталушы халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы гашиш майын елге заңсыз әкелуді ұйымдастырған. Есірткі заттары сәлемдемелердің ішіне жасырылып, ештеңеден күдіктенбеген туыстары мен таныстарының атына рәсімделіп отырған.

Құқық қорғау органдары контрабанданың бірнеше әрекетінің жолын кесіп, 5,7 килограмнан астам каннабис сығындысын тәркіледі. Бұдан бөлек, сотталушыдан өткізуге арналған есірткі заттары мен заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды.

Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары