Теннисші Жәния Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

/
Теннисші Жәния Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстан құрамасының үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Жәния Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, осы жас санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары