«Сәби өмірге келді»: Дариға Бадықова қуанышты жаңалығын айтты

/
«Сәби өмірге келді»: Дариға Бадықова қуанышты жаңалығын айтты
Әлеуметтік желіден

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі анасының немерелі болғанын айтып, өзіне іні туғанын сүйіншілеп жеткізді.

"Сүйінші! Мамам немерелі болды. Бадыков ӘмірАли өмірге келді! Аман-есен болсын! Дені сау болсын! Өмірің мәнді-сәнді болсын! Бай-қуатты бол! Арлы бол! Намысты бол! Есімі Байкен болса деп едім, артымнан бір бай ерісін деп. Үйде бір Ришат қыз осы есімді қойды. Еее, жарайды дедік", – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары Дариға Бадықованы қуанышты жаңалығымен құттықтап, нәрестеге ақ тілектерін жаудырды. Олар сәбиге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және бақыт тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары