Елімізде құрылыс жұмысының қарқыны 15,2 пайызға артты – статистика

/
Елімізде құрылыс жұмысының қарқыны 15,2 пайызға артты – статистика

Қаңтар-маусым айларында орындалған құрылыс жұмысының көлемі 15,2 пайызға өсіп, 4072,1млрд теңге болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Республика бойынша құрылыс жұмысының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 91,1%, шетелдік – 8,3%, мемлекеттік – 0,6% орындалды.

Қаңтар-маусым айларында құрылыс саласындағы өсімге ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу жұмысының 22,5 пайызға артуы ықпал етті.

Өңірлер бөлінісінде құрылыс жұмысы көлемінің өсуі республиканың он жеті өңірінде байқалды. Едәуір өсім Ұлытау облысында (3,3 есе), Қызылорда (31,3%), Абай (31%), Павлодар (29,6%), Қостанай (26%), Түркістан (25,5%), Шығыс Қазақстан (22,3%), Атырау (19,7%), Батыс Қазақстан (17,1%) және Жамбыл облысында (13,4%), сондай-ақ Алматы (22,5%) және Шымкент (12,9%) қалаларында тіркелді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары