Атырау – Индер тасжолындағы апаттан бір адам қаза тапты

/
Атырау – Индер тасжолындағы апаттан бір адам қаза тапты
istockphoto.com

18 шілде күні кешке Махамбет ауданындағы Атырау – Индер автожолының 56-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz АқЖайыққа сілтеме жасап.

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Sienna мен Lada Granta жеңіл көліктері соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан Toyota Sienna көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары