«Қарындасым суретін жіберді»: Айдар Тұрғанбек екінші рет қалай үйленгенін айтты

/
«Қарындасым суретін жіберді»: Айдар Тұрғанбек екінші рет қалай үйленгенін айтты
Әлеуметтік желі

«Жігіттер» квартетінің мүшесі Айдар Тұрғанбек әлеуметтік желідегі парақшасында екінші рет қалай үйленгенін айтып берді. Ол өз басынан өткен оқиғасы негізінде бейнебаян түсіріп, «Келін келді» деп аталатын жаңа ән жазған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Менің үйленуім бір қызық болды. Анам күнде «үйлен-үйлен» дейтін. Үйленетін кезде қыз болмай қалды. Сонымен анам екеуміз бірге іздедік. Алматыдағы әртүрлі оқу орындарына бардық. Қыз табылмайды. Көшеде көлікпен келе жатқан кезде аялдамаға қарап қалсам әп-әдемі екі қыз тұр екен. «Керемет қыздар екен» дедім. Мен рөлдемін, анам артқы орындықта отыр. Анам «ұнады ма?» деді. Мен «ұнады» дедім. «Онда тоқта» деді. Анам көліктен түсіп, ана қыздармен бірге автобусқа отырып, телефон нөмірлерін алды. Кейін мен ол қыздарға хабарласып, сөзіміз жараспады. Кейін өзімнің туған қарындасым қазіргі жұбайымның суретін жіберіп, телефонын алып берді. Маған қатты ұнап қалды. Сөйтіп Астанаға бардым. Астанада оқитын, Шымкенттің қызы еді. Астанаға барып, сөйлесіп, екеуміздің сөзіміз керемет жарасып, үш-ақ рет кездестік. Сөйтіп ол Шымкентке демалысқа келген кезде келісіммен Алматыға алып қашып кеттім», - дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары