«Ажырастым, жалғызбасты ана болдым»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды

/
«Ажырастым, жалғызбасты ана болдым»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
Әлеуметтік желіден

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында өмір жолына шолу жасап, тыңдармандарына жаңа шығармашылық жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz ozgeris сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі Instagram желісінің арқасында көпшілік өзін тек әнші ретінде ғана емес, қарапайым ауыл қызы ретінде де танығанын айтты. Оның сөзінше, оқырмандары қазақы болмысын, өмірлік ұстанымдарын, эстетикаға, әзілге, нәзіктікке және шүкіршілікке деген көзқарасын жақсы біледі.

Сондай-ақ Ерке Есмахан өміріндегі қиын кезеңдерді де еске алды. Әнші тұрмысқа шығып, ана атанғанын, кейін ажырасып, жалғызбасты ана ретінде ұлын өз күшімен тәрбиелегенін айтты. Оның айтуынша, сол сынақтардан қайсарлығы, үмітін үзбеуі және Аллаға деген сенімі алып шыққан.

Өнер иесі бүгінде өмірінің жаңа кезеңін бастан өткеріп жатқанын жеткізді. Ол жеке өмірі мен шығармашылығының сәтті өрбігеніне шүкіршілік етіп, соңғы жылдары ана атанып, отбасылық өмірге көбірек көңіл бөлгенін атап өтті.

Жазба соңында Ерке Есмахан тыңдармандарына "Дауыс" атты жаңа альбомын ұсынды. Әнші альбомға тоғыз ән еніп, олардың әрқайсысына бейнебаян түсірілгенін айтты. Сонымен қатар бұл жұмыстың жүзеге асуына қолдау көрсеткен жұбайы Райымға алғысын білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары