Доллар, еуро, рубль: бүгінгі айырбастау бағамы белгілі болды

/
Доллар, еуро, рубль: бүгінгі айырбастау бағамы белгілі болды
istockphoto

19 шілдеде Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу-сату бағамдары жаңарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше, Астанада доллар 468 теңгеден сатып алынып, 474 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы – 535 теңге, сату бағасы – 544 теңге. Ал Ресей рублі 5,5–5,95 теңге аралығында саудалануда.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 469–473 теңге аралығында айырбасталса, еуро 536–543 теңге аралығында сатылып жатыр. Ресей рублінің бағамы 5,67–5,68 теңгені құрайды.

Шымкентте долларды 470,5 теңгеден сатып алып, 472,5 теңгеден сатуда. Еуроның бағамы – 539–542 теңге. Ресей рублі 5,67 теңгеден сатып алынып, 5,43 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан Ұлттық банкінің 19 шілдеге белгілеген ресми бағамына сәйкес, 1 АҚШ доллары – 470,53 теңге, 1 еуро – 539,07 теңге, ал 1 Ресей рублі – 5,64 теңге.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары