13 жастағы қазақстандық Жасмина Түзелова «Славян базарының» күміс жүлдесін жеңіп алды

/
13 жастағы қазақстандық Жасмина Түзелова «Славян базарының» күміс жүлдесін жеңіп алды
Фото: fest-sbv.gck.by

«Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өткен «Витебск-2026» XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында қазақстандық жас вокалист, «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзелова екінші орын иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Биыл байқауға әлемнің 19 елінен жас орындаушылар қатысты. Екі күнге созылған сайыстың қорытындысы бойынша Жасмина үздіктер қатарынан көрініп, еліміздің намысын абыроймен қорғады.

Байқаудың алғашқы кезеңінде ол қазақтың халық әні «Сарыарқаны» орындап, жоғары ұпай жинады. Ал екінші кезеңде «Ромашка-Василек» композициясын шырқап, екі күннің қорытындысы бойынша 126 ұпай иемденді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары