Дастархан үстінде қол алысып амандасу — әдепсіздік

/
Дастархан үстінде қол алысып амандасу — әдепсіздік
Видеодан скриншот

Нұртөре Жүсіп қазақ қоғамында амандасу мәдениетіне қайта мән беру қажет екенін айтты.

Оның пікірінше, бүгінде дастарқан басында отырған адамдарға сырттан келген кісінің әрқайсысымен жеке-жеке қол алысып шығуы уақытты алып қана қоймай, әдеп пен гигиена талаптарына да сай келе бермейді.​

Ол мұндай жағдайда «Сәлем бердік!» деп көпшілікке ортақ амандасу жеткілікті болар еді деген пікір білдірді.

Сондай-ақ бұрынғы қазақ қоғамында «Мал-жан аман ба?» деп амандық сұрасу қалыпты дәстүр болғанын еске салып, мемлекеттік тілдегі амандасу мәдениетін жаңғырту қажет екенін айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары