Алматыда мәслихат депутаттары Ұлттық ұланның әскери қызметкерлерімен кездесті

/
Алматыда мәслихат депутаттары Ұлттық ұланның әскери қызметкерлерімен кездесті
Ұлттық ұлан

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен 5571 әскери бөліміне жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Халық қалаулыларын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков қарсы алып, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Сапар барысында генерал-майор Сәкентай Шекарбеков әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасы, әлеуметтік инфрақұрылымы, әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайы, сондай-ақ жүргізіліп жатқан құрылыс және жаңғырту жұмыстары туралы баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған негізгі міндеттерге тоқталды.

Одан кейін депутаттар казармалық қорды, асхананы, әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды, материалдық-техникалық базаны және салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді. Халық қалаулылары құрылыс жұмыстарының сапасы мен нысандардың пайдалануға дайындығына ерекше назар аударды.

Кездесу барысында әскери қызметшілердің қызмет өткеруі мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсарту мәселелері жан-жақты талқыланды. 

Сапар қорытындысы бойынша инженерлік жүйелерді толық іске қосу, сондай-ақ казармалық үй-жайлар мен санитарлық-тұрмыстық тораптарды белгіленген талаптарға толық сәйкестендіру бағытында нақты міндеттер айқындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары