Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білімін тәмамдаған. Құқықтану және қаржы бакалавры.
Мансабы:
12.12.2008 - 18.02.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы;
18.02.2009 - 16.07.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы;
16.07.2009 - 28.10.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
28.10.2010 - 23.11.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
23.11.2010 - 07.03.2013 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
07.03.2013 - 26.08.2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы;
26.08.2013 - 08.08.2016 ж. Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Астана қаласы;
09.08.2016 - 01.08.2017 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы, Астана қаласы;
02.08.2017 - 31.01.2019 ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы;
01.02.2019 - 03.07.2019 ж. - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі;
29.08.2019 - 2020 ж Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы;
14.10.2020 - 02.2022 ж - «Сарыарқа» ауданының әкімі.
09.02.2022 - 19.09.2022 ж. - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
19.09.2022 ж. - қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласы әкімінің орынбасары.