Әнші Тамара Асар 50 жас мерейтойына орай Мемлекет басшысының арнайы құттықтау хатын алғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, Президенттің құттықтауын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады.
«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан туған күніме, мерейлі жасыма арнайы құттықтау хатын алдым.
Маған ресми түрде Алматы әкімдігі, атап айтқанда, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Өте ерекше құрмет пен қабылдау болды.
Шын жүректен өз атымнан және отбасымның атынан қуанышымды бөлісе отырып, Президентке рақмет айтамын.
Ардақты ағайын, кеше түннен бастап, гүлге оранып, сыйлықтар алып, ыстық тілектерді лек-легімен қабылдау үстіндемін. Тілектес болып, құттықтап жатқан баршаңызға, рақмет!», – деді ол.