«Ернар Айдар күйеуіме көлік мінгізіп, кейін қайтып алды»: Қарлығаш Сұлтанша келеңсіз жағдайды еске түсірді

/
«Ернар Айдар күйеуіме көлік мінгізіп, кейін қайтып алды»: Қарлығаш Сұлтанша келеңсіз жағдайды еске түсірді

Әнші Қарлығаш Сұлтанша журналист Айнұр Асанбердіге сұхбат беріп, өнердегі жолы мен өмірі жайлы сыр шертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол композитор күйеуі Қуаныштың басынан өткен қиын күндер туралы да айтты. Айтуынша, ән жаздырып алып, кейін алғыс айтпай кететін әншілер жетерлік екен.

«Ернар Айдар төрт жыл біздің үйде болды. Қуаныштың қасында жүрді. Бізбен бірге ыстықты да, суықты да бөлісті. «Ұстазым егер мен күніге тойға шығатын болсам бір Lexus 570 мінгізем деген өзінің уәдесі бар. Машина мінгізді. Бірақ кейін қайтып алып қойды. Қуаныш сол кездері қатты ренжіп жүрді. Сондай сәттер болды. Одан да өттік. Кейін концертінде бір шапан жапқан кезінде «Саған соншама ұстаздық етті, көрсетті, үйінде тұрдың, саған бүкіл бойындағыны берді, бір шапанның орнына мейлі машина емес, ат мінегізсең де болар еді ғой» дегенді халықтың өзі айтты. Сондай реніштер болды. Бірақ қазір өтіп кетті. Ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес. Ернар да міндетті емес. Міндетсінетін болса үйге жатқызбай-ақ қою керек еді. Хит әндерді бермеу керек еді. Адам адамға себепші. Ернардың да қаншама еңбегі бар, өте еңбекқор бала. Оның Ернар Айдар болуына бір ғана Қуаныш себепкер емес. Оның ағасы, ақша бөліп жатқан проодюсері, өзінің қаншама еңбегі бар», - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары