«Ота жасап, барлығын кесіп тастады»: Әнші Нұрлан Әміровтің қазіргі жағдайы белгілі болды (ВИДЕО)

/
«Ота жасап, барлығын кесіп тастады»: Әнші Нұрлан Әміровтің қазіргі жағдайы белгілі болды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

«Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің мүшесі Нұрлан Әміровтің қазіргі жағдайы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Интернетте тараған бейнежазбада әншінің арнайы медициналық құрылғының көмегімен ғана қозғалып жүргені байқалады.

Өнер иесі бұл аппараттың өз өмірі үшін аса маңызды екенін айтып, онсыз еркін жүріп-тұра алмайтынын жеткізген. Сондай-ақ ол денсаулығына байланысты қиын кезеңде жанынан табылып, қолдау көрсетіп жүрген жұбайына ризашылығын білдірді.

Әнші отадан кейін кеуде тұсында қалған тыртықты да көрсетті. Бейнежазба барысында оған өміріне қатысты сұрақ қойылғанда, Нұрлан Әміров жағдайының қаншалықты күрделі екенін әзілмен жеткізді.

Оның айтуынша, өзімен бірге алып жүретін құрылғының жұмысы тоқтаса, өміріне үлкен қауіп төнуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары