Алматы тауларында 8 жасөспірім адасып кеткен

/
Алматы тауларында 8 жасөспірім адасып кеткен
ТЖМ

Алматы қаласының Бостандық ауданында Үлкен Алматы шыңының маңында теңіз деңгейінен 3681 метр биіктікте ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сегіз жасөспірім алдыңғы күні таңертең тауға өздігінен көтерілген. Алайда бағыт бойында соқпақтан адасып, өз күштерімен төмен түсе алмаған. Хабарлама түскен бойда құтқарушылар олардың орналасқан жерін жедел анықтап, оқиға орнына шықты.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жасөспірімдерді қауіпсіз бағытпен алып жүріп, «Алма-Арасан» экобекетіне дейін түсірді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар