«Қайтадан ота жасатамын»: Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты

/
«Қайтадан ота жасатамын»: Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін  айтты
Видеодан скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына байланысты тағы бір ота жасатуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бұған дейін Қырғызстанда өтіндегі тасты алдырған. Алайда кейінгі тексерулер барысында дәрігерлер өт қабының өз қызметін атқармай тұрғанын анықтаған.

«Қырғызстанға барып, тасын алдырғаныма қуанып жүргенмін. Бірақ дәрігерлер өттің мүлде жұмыс істемейтінін айтты. Сондықтан Қазақстанда өт қабын толық алып тастаған дұрыс екен. Енді қайтадан ота жасауға тура келеді», – деп жазды продюсер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары