Астанада кәріз құбырынан шақалақ табылды

/
Астанада кәріз құбырынан шақалақ табылды
istockphoto.com

Астанада тұрғындар кәріз құбырынан жаңа туған сәбиді тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, бала жақын маңдағы қонақүйде дүниеге келген, деп хабарлайды turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Астанадағы қайғылы оқиға туралы ақпаратты Threads желісінде tatarovna_ лақап атымен тіркелген қолданушы жариялаған. Оның айтуынша, өзі тұратын ауданда бірнеше жыл бұрын үйдің дәл іргесіне қонақүй салынған. Тұрғынның сөзінше, бұл көрші үй тұрғындарына көптеген қолайсыздық тудырып келеді.

"Бірақ осы айда болған жағдай адам түсінігі мен моральдық шектен асып түсті. Қонақүйге келген келушілердің бірі нөмірлердің біріндегі дәретханада босанып, сәбиді бізбен ортақ кәріз жүйесіне тастап кеткен. Нәресте – алты айлығында туған қыз бала. Түнгі сағат үш шамасында көршім хабарласып, кәрізден сәби табылғанын және қылмыстық іздестіру қызметкерлеріне көмектесу үшін сыртқа шығуымыз қажет екенін айтты. Оқиға орнына келген полицейлер бірден бұл әрекетті үй тұрғындарының біреуі жасауы мүмкін деген күдік бар-жоғын сұрады. Біз ондай күдігіміз жоқ екенін айттық. Біздің ойымызша, бұл жағдайға қонақүйге келген адамдардың бірі қатысы болуы мүмкін", — деп жазған астаналық тұрғын.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлері бұл қонақүйде тыйым салынған заттар таралуы мүмкін екенін тұрғындарға өздері айтқан.

Бұл ақпаратқа Астана қаласы полиция департаменті түсініктеме берді.

«Кәріз құбырынан шақалақтың табылу фактісі бойынша Алматы аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасауға қатысы бар тұлға анықталды», — делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары