Алматы автокөлік саны бойынша көш бастап тұр – статистика

/
Алматы автокөлік саны бойынша көш бастап тұр – статистика
Ұлттық статистика бюросы

Маусым айында Қазақстанда 167 878 автокөлік есепке қойылды. Бұл мамыр айындағы көрсеткішпен (147 668 бірлік) салыстырғанда 13,7% жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Есепке қойылған автокөліктердің жалпы санының 87,4% жеңіл автомобильдер, 5,7% жүк автомобильдері, 2,4% тіркемелер, 1% мотоциклдер, 0,9% автобустар және 2,6% өзге де автокөлік құралдары құрады.

Маусым айында есепке қойылған көліктердің қозғалтқыш көлемі бойынша 34,5% 1500–2000 см³ аралығына тиесілі.

Пайдаланылатын отын түрлері бойынша:

  • бензинмен жүретін – 136 232 көлік құралы (жалпы санының 81,1%);
  • дизель отынымен жүретін – 10 845 көлік құралы (6,5%);
  • газбен жүретін – 895 көлік құралы (0,5%);
  • аралас отын түрін пайдаланатын – 11 183 көлік құралы (6,7%);
  • электр қуатымен жүретін – 2 872 көлік құралы (1,7%);
  • отын түрі көрсетілмеген – 5 851 көлік құралы.

1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6 025,9 мың автокөлік тіркелген. Тіркелген автопарк құрылымында ең жоғары үлесті жеңіл автомобильдер құрайды – 5 053,7 мың бірлік (жалпы санының 83,9%). Одан кейін жүк автомобильдері – 493,7 мың бірлік (8,2%), тіркемелер – 262,3 мың бірлік (4,4%), автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 74,2 мың бірлік (1,2%) және өзге де көлік құралдары – 52,6 мың бірлік (0,9%).

Автокөлік паркінің ең көп бөлігі Алматы қаласында (733,3 мың бірлік) және Алматы облысында (646,3 мың бірлік) тіркелген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары