Астана – Петропавл тасжолындағы апатта зардап шеккен жолаушы реанимацияда көз жұмды

/
Астана – Петропавл тасжолындағы апатта зардап шеккен жолаушы реанимацияда көз жұмды
istockphoto.com

Астана – Петропавл автожолында көліктің өртенуі салдарынан денесінің 90 пайызын күйік шалған ер адам Ақкөл аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1980 жылы туған науқас ауруханаға аса ауыр күйде жеткізілген. Дәрігерлер оған күйіктік шоктың өте ауыр дәрежесі, сондай-ақ басы, мойны, денесі, қолдары мен аяқтарының термиялық күйігі диагнозын қойған. Денесінің күйік шалған жалпы аумағы – 90 пайыз.

«Науқас түскен бойда шокқа қарсы ем-шаралар жүргізіліп, инфузиялық терапия мен оттегімен қамтамасыз ету басталды. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бүгін таңғы сағат 05:00-де ер адам көз жұмды», – деп хабарлады басқарма.

Еске салсақ, көлік Ақмола облысы Бұланды ауданындағы Жаңаталап ауылының маңында орналасқан Астана – Петропавл автожолында өртенген болатын. Оқиға салдарынан оқиға орнында үш адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған жасөспірім қаза тапты. Аман қалған жалғыз адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары