Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңарту еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, азаматтар мен бизнес үшін шекарадан өту уақытын қысқартатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның сөзінше, жобалар Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының шекара маңы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындауда мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту аса маңызды.
Көлік, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері, ҰҚК Шекара қызметі және «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте осы мәселені жан-жақты талқыладық.
Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту ең алдымен, еліміздің транзиттік әлеуетін арттырады. Азаматтар мен бизнес үшін бақылаудан жылдам өткен қолайлы, яғни уақытын үнемдейді.
Пункттерді жаңарту және техникалық жабдықтау жобалары Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше бақылауында.
Кеңесте Көлік министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ және ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, эскиздік жобаларды қайта қарау тапсырылды. Сондай-ақ қазіргі заманғы қасбеттік материалдарды, жолаушылар, жүк ағынын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды ескеріп, пункттердің бірыңғай дизайн-кодын бекіту керек.
Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға құрылыс мерзімі мен сапасына бақылауды күшейту, тұрақты мониторинг жүргізу міндеті жүктелді.
Пункттер жаңғыртылып біткен соң, өткізу қабілеті бірнеше есе ұлғаяды. Шекаралық және кедендік бақылаудан өту уақыты қысқарады. Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақыт талабына сай қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деді Н. Нәлібаев.