2026 жылдың қаңтарында Ұлттық статистика бюросы ересек тұрғындар арасында темекіні тұтыну туралы кезекті жыл сайынғы сауалнама жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сауалнама республиканың барлық облысын, сондай-ақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтыды. Оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір мүшесі қатысты.
Нәтижелер көрсеткендей, зерттелген үй мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 15,1% темекі шегеді, 2025 жылмен (17,5%) салыстырғанда 2,4 п.т. төмен. Ауылдық жерлерде темекі тұтынатындардың үлесі - 17,8%, қалалық жерлерде 14,0%. Темекі тұтынатындар арасында ерлер 30,5%, ал әйелдер - 4,9% құрайды. Темекі тұтынатын халықтың жалпы санының 98,6% өнеркәсіпте шығарылған темекі түрін шегеді, 0,4% электронды темекілер, 0,9% «IQOS», «GLO» тәрізді темекіні қыздыру құрылғысын, 0,1% темекі өнімдерінің басқа түрлерін тұтынады.