Абай облысындағы Алакөл жағалауында 22 жастағы Мұхаммедәлі Есімов Еркінбекұлы жоғалып кетті. Ол 11 шілде күні Ақши ауылындағы демалыс аймағынан шығып кеткеннен кейін хабар-ошарсыз қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мәліметке сәйкес, ол 2026 жылғы 11 шілде күні шамамен сағат 14:30-да Ақши ауылындағы Алакөл көлінің жағасында орналасқан «Нұр-Ай» демалыс аймағынан шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Жоғалған азаматтың бойы – 181 см, дене бітімі арықша келген.
Үстінде қара сұр түсті жеңсіз жейде, ашық сұр түсті баскетбол шорты, ашық жасыл түсті кроссовка және беж түсті бейсболка болған.
Іздестіру жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылған. Жоғалған азаматтың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 8 (705) 770-04-38 нөміріне немесе 102 арнасына хабарласу сұралады.
