ШҚО-да қос азаматтығы бар 6 адам елден шығарылды

/
ШҚО-да қос азаматтығы бар 6 адам елден шығарылды
Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар тұлғаларды анықтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі 450-ден астам адамның Қазақстан азаматтығын жоғалтқанын тіркеді, олардың басым бөлігі көрші мемлекеттің азаматтығын алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заңнама талаптарын бұзғаны үшін 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 24 азамат шетелдік азаматтықты алғаны туралы уақытылы хабарламаған, ал 7 адам азаматтығын жоғалтқаннан кейін Қазақстан Республикасының құжаттарын заңсыз пайдаланған. Сот шешімімен 6 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

Анықталған жағдайлардың бірі облыс орталығының 43 жастағы тұрғынына қатысты. Ол 2024 жылдың қазан айында өзге мемлекеттің азаматтығын алғанымен, заңда белгіленген мерзімде ішкі істер органдарына хабарламаған. Нәтижесінде, азаматшаның Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтуы тіркеліп, еліміздің құжаттары тәркіленді.

Полиция өзге мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, азаматтар 30 күн ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлап, Қазақстан азаматтығын куәландыратын құжаттарды тапсыруға міндетті екенін ескертеді. Бұл талапты бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары