«Еркексің ғой, кешіре сал»: Әйелінен әлімжеттік көрген астаналық әділдік іздеп жүр

/
«Еркексің ғой, кешіре сал»: Әйелінен әлімжеттік көрген астаналық әділдік іздеп жүр
istockphoto.com

Астаналық азамат ажырасқаннан кейін екі жыл бойы соңынан қалмай, аңдып, қысым көрсеткен бұрынғы жұбайын заң аясында жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz Информбюроға сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелі үнемі хабарласып, аңдып, түрлі жанжал шығарған. Заңгерлер мұндай әрекеттердің сталкинг белгілеріне ұқсайтынын айтады. Ер адам бірнеше рет полицияға жүгінген. Алайда оның сөзінше, арызы толық қаралмай, «еркексің ғой, кешіре сал» деген көзқараспен жабыла салған.

«Ер адамның тарапынан ешқандай құқықбұзушылық болмаған. Балағат не былапыт сөздер айтылмаған. Оның бәрінің дәлелі бар. Соған қарамастан құзырлы органдар тиісті шешім шығармаған. Сондықтан бізге жүгінді. Қазір балаға қатысты мәселе қаралып жатыр. Сонымен қатар азамат жаңа отбасы құру мақсатында бір азаматшамен танысқан. Бұрынғы жұбайы қызғаныштың әсерімен оған қатысты да сталкинг әрекеттерін жасаған», – деді заңгер Нұрсұлтан Орынбеков.

Қазір ер адамның жалғыз талабы – істің заң аясында әділ қаралуы. Оның айтуынша, екі баласы өз тәрбиесінде. Сондай-ақ бұрынғы жұбайының мазалауын тоқтатқанын қалайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары