Министрлік БАҚ пен онлайн-платформаларға сайлауалды үгіт талаптарын ескертті

/
Министрлік БАҚ пен онлайн-платформаларға сайлауалды үгіт талаптарын ескертті
фото: ҚТЖ

Мәдениет және ақпарат министрлігі 23 тамызға тағайындалған Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты БАҚ пен онлайн-платформаларға сайлау заңнамасының талаптарын сақтауды ескертіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының 23 шілде сағат 18:00-ден кейін ғана басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған, Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңіндегі ақпараттық және үгіт қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға арналған ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ пен онлайн-платформаларды пайдаланушылардың назарын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Заң) келесідей талаптарын сақтауға аударады:

- саяси партияларды ұсыну және оларды сайлау комиссиясының тіркеуі туралы ақпаратты тең дәрежеде жариялау (БАҚ үшін);

- сайлауалды үгітті жүзеге асыру шарттарын сақтау (БАҚ пен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін).

Партиялық тізімдерді ұсыну 2026 жылғы 13 шілде сағат 18:00-ге дейін жалғасады, ал оларды тіркеу 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 2026 жылғя 23 шілде сағат 18:00-ден кейін басталады.

Барлық БАҚ саяси партиялардың партиялық тізімдерін ұсыну және оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі ақпаратты баспа алаңы мен эфирлік уақыт көлемі бойынша тең мөлшерде таратуға міндетті. БАҚ көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабының 4-тармағына сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.

БАҚ мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар шарттық негізде тіркелген кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға үгіттік материалдарды жариялау үшін эфирлік уақытты, баспа алаңын (БАҚ үшін) және ақпарат көлемін (онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін) ұсынады.

Осы талап өздерінің интернет-ресурстарын, онлайн-платформалардағы аккаунттарын пайдаланатын саяси партиялар мен кандидаттарға қолданылмайды.

Бұл ретте, онлайн-платформаны пайдаланушының қаржыландыруды (шығыстарды) талап етпейтін (әкеп соқпайтын) жеке пікірін білдіруіне заңнамада тыйым салынбайды.

БАҚ пен онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2026 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлем мөлшері, оларды орналастыру шарттары туралы мәліметтерді жариялауға және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға міндетті.

Егер БАҚ өздерінің әлеуметтік желілердегі (онлайн-платформалардағы) ресми аккаунттарында үгіт материалдарын орналастыруды жоспарлаған жағдайда, мұндай аккаунттардың атаулары, үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлем мөлшері туралы мәліметтер, оларды орналастыру шарттары да Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсынылуға тиіс.

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру БАҚ пен онлайн-платформаларды пайдаланушылар тарапынан ОСК-да тіркелген партиялармен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Үгіт материалдарын жариялау туралы шарттың талаптары қандай да бір саяси партияға артықшылықтар бермеуге тиіс.

ОСК-ға төлем мөлшері, үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы мәліметтерді жарияламаған және ұсынбаған БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыра алмайды.

БАҚ пен онлайн-платформаларды пайдаланушылар саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдарын және өзге де ақпараттарды жариялаудан бас тартуға тиіс, мұндай материалдар жарияланған жағдайда, оларды тегін негізде теріске шығаруды жариялауы қажет.

Жоғарыда аталған барлық талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес БАҚ, сондай-ақ онлайн-платформалардың пайдаланушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады.

Осыған байланысты партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні және оған алдыңғы күні (2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ге дейін, сондай-ақ 2026 жылғы 22 және 23 тамыз күндері) сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынатынын еске саламыз. Көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (ҚР ӘҚБтК-нің 102-бабына сәйкес). Бұған дейін Интернет желісінде орналастырылған үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.

Телерадио хабарларын тарату субъекттерінің назарына телерадио хабарларын тарату субъектілеріне жаңалықтар және талдамалық бағдарламаларда кез келген үгіт материалдарын таратуға тыйым салынатынын жеткіземіз. Аталған тыйымды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген (ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес).

Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын бұзу болып БАҚ-та қоғамдық пікірге сауалнама нәтижелерін және сайлау болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді, кандидаттарды қолдап дауыс беру нәтижелерін міндетті шығару деректері көрсетілмей жариялау, оларды дауыс беруге дейінгі бес күн ішінде және сайлау өткізілетін күні тікелей Интернет желісінде және БАҚ-таорналастыру, дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайлардың ішінде сауалнамалар жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу де танылады. Көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 120-бабына сәйкес жауапкершілік белгіленген», – делінген хабарламда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары