Полиция ата-аналарға маңызды ескерту жасады

/
Полиция ата-аналарға маңызды ескерту жасады
istockphoto.com

Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау қаупі артады. Осыған байланысты полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әрбір ата-ана білуі тиіс маңызды қауіпсіздік ережелері:

  • Москит тор қорғаныс құралы емес. Ол баланың салмағын көтере алмайды. Бала торға сүйенген жағдайда, тор орнынан шығып кетуі мүмкін.
  • Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз. Бір сәттік бейқамдық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
  • Терезелерге балалар өздігінен аша алмайтын арнайы бекіткіштер мен шектеу құрылғыларын орнатыңыз.
  • Терезе маңына жиһаз қоймаңыз.
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Әсіресе терезе ашық кезде оларды үнемі бақылауда ұстаңыз.

Еске саламыз: баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау салдарынан оның денсаулығына зиян келтірілсе, ата-аналар немесе заңды өкілдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары