BaiQymyz-2026: Фестивальге 1 тонна шұбат пен 200 литр қымыз әкелінді

/
BaiQymyz-2026: Фестивальге 1 тонна шұбат пен 200 литр қымыз әкелінді
Gov.kz

Астанада өтіп жатқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалінде қонақтар қымызбен қатар дәстүрлі шұбаттан да дәм тата алады. Фестивальге өндірушілер 1 тонна шұбат пен 200 литр қымыз алып келді, деп хабарлайды turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біз негізінен шұбат өндірумен айналысамыз. Фестивальге 1 тонна шұбат пен 200 литр қымыз алып келдік. Қазіргі таңда қолымызда жылқы көп болғанымен, оның 350 басы ет бағытында өсіріледі. Ал сүт бағытындағы шаруашылықты енді ғана дамытып жатырмыз», – деді «Сыр дәмі» брендінің иесі Дамир Әбілда.

Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар ұлттық сусындарды көпшілікке таныстырып, дәстүрлі өнімдерді тұтыну мәдениетін насихаттауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі 11–12 шілде күндері елордалық «Қазанат» ипподромында өтуде. Бағдарлама аясында ұлттық тағамдардың дәмін тату, көрмелер, мәдени және спорттық іс-шаралар, ат спорты көрсетілімдері, отбасылық алаңдар мен танымал өнерпаздардың концерттері ұйымдастырылған

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары