Ел болашағын жарқын ететін бастамалар көп – делегат Әлима Мұратқызы

/
Ел болашағын жарқын ететін бастамалар көп – делегат Әлима Мұратқызы

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік Сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өтіп жатыр. Съезге қоғамдық бірлестіктердің, облыстық филиалдардың өкілдері, сарапшылар мен қонақтар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1000-нан астам делегат қатысып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Съезге қатысу үшін Батыс Қазақстаннан келген мұғалім Әлима Дүйсмағанбетова бүгінгі жиынның салмағы зор екенін айтады.

«Бүгінгі осынау маңызды жиынға Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының делегаттарымен келіп қалдым. Өзім – педагогпын. Жақында «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдадым. Бүгін еліміз, біздің партиямыз үшін өте салмағы зор басқосу болып отыр. Себебі бағдарламасы нық партия бүгін алдағы жоспарларын талқылайды. Елдің дамуы үшін атқарылатын бірқатар істердің мазмұнын түсіндіреді. Сондықтан да осындай салмақты басқосуға келгеніме өте қуаныштымын», – дейді ол.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары