Ауыр атлет Ернұр Мырзахмет әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

/
Ауыр атлет Ернұр Мырзахмет әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
olympic.kz

Ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Ернұр Мырзахмет қоссайыс қорытындысы бойынша 304 (142+162) келіні еңсерді. Осылайша ол қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальді Мохамед Абдельради (Мысыр) иеленді - 318 (143+175) келі. Екінші орынға Абдулрауф Халифа (Ливия) жайғасты - 305 (137+168) келі. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары