Өрт сөндірушілер Шымкенттегі Сасбұқаев көшесінде болған жалынды оқшаулады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Нақтыланған мәлімет бойынша, өрт бір қабатты жиһаз цехында және оның жанында орналасқан дүкенде шыққан. Оқиғаның алғашқы минуттарынан бастап ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылып, өрт сөндіру штабы құрылды және үздіксіз су беру қамтамасыз етілді.
Өртті сөндіру барысында жиһаз цехы ғимаратының шатыры опырылып түсті. 112 желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Шымкентте жиһаз цехы өртеніп кетті