Ақмола облысында полиция қызметкеріне тіл тигізген тұрғынға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тәртіп сақшылары азаматтарға полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау, оларға тіл тигізу, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде физикалық қарсылық көрсету Қазақстан заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Астрахан ауданының тұрғынына билік өкіліне тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 6 шілде күні кешке Жалтыр ауылының орталық алаңында болды.
Учаскелік полиция инспекторы сыртқы белгілері бойынша мас болған әйелді байқаған. Жүргізілген медициналық куәландыру орташа дәрежелі алкогольдік масаңдықты растады. Қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу кезінде 34 жастағы ауыл тұрғыны қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкерлеріне тіл тигізді. Құқыққа қайшы әрекеттер тіркеліп, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер азаматтарды заңнама нормаларын сақтауға, билік өкілдеріне құрметпен қарауға және олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуге шақырады