Астанада Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталды

/
Астанада Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталды

Астанада жол-көлік оқиғасына қатысы бар деген күдікпен Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

«Оқиға 8 шілде күні «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының маңында болған. Үш көліктің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, алдын ала мәлімет бойынша, апатқа себеп болуы мүмкін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.

Кейін полиция қызметкерлері күдікті көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстады. Дереккөздің мәліметінше, Toyota жол талғамайтын көлігін Данияр Елеусінов басқарған. Патрульдік полиция қызметкерлері оның алкогольдік масаң күйде болуы мүмкін деген күдікпен медициналық куәландыруға жіберді.

Егер сараптама қорытындысы жүргізушінің мас күйде болғанын растаса, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің мас күйінде көлік жүргізу және жол-көлік оқиғасы орнын тастап кетуге қатысты баптары бойынша жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Өз кезегінде Астана қаласының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының болғанын және жүргізушінің оқиға орнынан кеткенін растады. Алайда ведомство жүргізушінің жеке басын жариялаған жоқ», – делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар