Ресейде алаяқтар бір адамға 16 мың рет қоңырау шалған

/
Ресейде алаяқтар бір адамға 16 мың рет қоңырау шалған
istockphoto.com

Телефон алаяқтары Ресейдің Алтай өлкесіндегі Барнаул қаласының тұрғынына алты ай ішінде шамамен 16 мың рет қоңырау шалуға әрекеттенген, деп хабарлайды turkystan.kz 

Барлық күмәнді қоңыраулар уақытылы анықталып, бұғатталған.

«Бірінші жартыжылдықта бір адамға бағытталған ең көп қажетсіз қоңырау Алтай өлкесінде тіркелді. Барнаул тұрғынына алаяқтар шамамен 16 мың рет қоңырау шалған. Күдікті қоңыраулардың барлығы дер кезінде анықталып, бұғатталды», – деп хабарлады РИА Новости агенттігіне «МТС Защитник» сервисі.

Көп жағдайда алаяқтар өздерін мемлекеттік органдардың, зейнетақы және әлеуметтік қызметтердің қызметкерлері, сондай-ақ пошта қызметтері мен маркетплейстердің курьерлері ретінде таныстырған.

Мамандар телефон арқылы жасалатын алаяқтық тәсілдері үнемі жетілдіріліп отыратынын атап өтіп, азаматтарды бейтаныс адамдарға жеке деректерін, SMS-кодтарды жарияламауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және күмәнді қоңырау түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатуға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары