Маңғыстауда 18 жастағы жігіт жоғалып кетті

/
Маңғыстауда 18 жастағы жігіт жоғалып кетті
lada.kz

Ақтау маңында жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсехановты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Туыстарының айтуынша, 7 шілде күні жас жігіт туған күнін достарымен бірге Ақтаудан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан O'Mir демалыс кешенінің маңында атап өткен. Сағат 15:00 шамасында ол теңіз жағасында жоғалып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Қазір іздестіру жұмыстарын төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, сондай-ақ Азаматтың туыстары, достары мен жақындары жүргізіп жатыр. Алайда жақындарының айтуынша, қолда бар күш жеткіліксіз.

Осыған байланысты олар барлық бейжай қарамайтын тұрғындарды іздеу жұмыстарына қосылуға шақырды. Әсіресе еріктілердің, дрон операторларының және қайық иелерінің көмегі қажет.

Сондай-ақ отбасы 7 шілде күні O'Mir демалыс кешенінің маңында болған немесе іздеуге көмектесетін қандай да бір ақпарат білетін азаматтардың хабарласуын сұрайды.

Азамат Дүйсехановтың болуы мүмкін жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден +7 (778) 967-61-23 немесе +7 (775) 985-57-54 нөмірлеріне хабарласу сұралады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары