Қарағанды облысында темір рудасын заңсыз өндіргендер сотталды

/
Қарағанды облысында темір рудасын заңсыз өндіргендер сотталды
istockphoto.com

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Облыста кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Үш күдікті қамауға алынып, 360 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.

Аталған қылмыстық іс бойынша прокуратура органдары мемлекеттік айыптауды қолдады.

Қарағанды облысының Шет аудандық сотының қарауының нәтижесінде үш сотталушы жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары