29 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы «Қайрақ» автомобильдік өткізу пунктінде мемлекетіміздің аумағына ірі партияда «вейптерді» заңсыз алып кіру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тыйым салынған 27 624 дана көлеміндегі тауарлар жүк автокөлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасында анықталды.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген электрондық тұтыну жүйелерінің құны 500 млн теңгені құрайды.
Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
Еске саламыз, Қазақстанда шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды алып кіруге, өндіруге тыйым салынады.