Алматы Қазақстанның жетекші өнеркәсіп орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. 2026 жылдың соңына дейін қаланың Индустриялық аймағында жалпы құны 12,6 млрд теңге болатын 11 жаңа инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Соның арқасында 691 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде алты кәсіпорын өнеркәсіп саласында жұмыс істейді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Негізгі жобалардың қатарында жылу және сумен жабдықтау жүйелеріне арналған жабдықтар өндіру, ПВХ парақтарын, газоблоктарды, тұрмыстық мақсаттағы қағаз өнімдерін, металл жол және көпір құрылымдарын шығару, сондай-ақ заманауи логистикалық кешен салу жоспарланған.
Сонымен қатар Алматыда жалпы аумағы 22 мың шаршы метрден асатын бес шағын өнеркәсіптік парк ашылады. Олардың іске қосылуы 400-ден астам қосымша жұмыс орнын құрып, шағын және орта бизнестің дамуына жол ашады.