"50 мың доллар": Еркебұлан Тоқтардың мәрттігі Орталық Азия жұртшылығын тәнті етті

/
"50 мың доллар": Еркебұлан Тоқтардың мәрттігі Орталық Азия жұртшылығын тәнті етті
ашық дереккөзден

Қазақстандық актер әрі жауынгер Еркебұлан Тоқтартың жасаған қайырымдылығы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, Орталық Азия елдерінің тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, спортшы алдағы жекпе-жегінен алатын гонорарын алдын ала алып, қатерлі ісікке шалдыққан әйелдің еміне 50 мың АҚШ долларын аударған.

Қайырымдылық жасаған сәтте Еркебұлан жас жігітке қолдау білдіріп, жүрекке әсер еткен сөздерін айтқан.

"Мен жеңіске жетемін деп уәде беремін. Сендер де ісікті жеңеміз деп уәде беріңдер. Алла шипасын берсін! Бауыр да, дос та көп болуы мүмкін. Бірақ ана біреу ғана. Оны жоғалтуға болмайды", – деген ол.

Бұл видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, әсіресе Өзбекстан мен Қырғызстан қолданушылары арасында үлкен қолдау тапты. Көпшілік өзбек және қырғыз тілдерінде пікір қалдырып, спортшының жасаған жақсылығына ризашылықтарын білдіріп, оған амандық пен табыс тіледі.

Желі қолданушыларының бірі:

"Бізде кейде көмілген дүниеге дейін қол сұғатындар кездеседі. Ал мұндай кеңпейілділік үшін адамның жүрегі таза, ниеті адал болуы керек", – деп жазған.

Еркебұлан Тоқтардың бұл әрекеті әлеуметтік желіде мыңдаған оң пікір жинап, қайырымдылық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі ретінде бағалануда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары