Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылды

/
Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылды
Istockphoto

Ақтауда Каспий жағалауынан итбалықтардың өлекселері табылды. Қазір мамандар қырылған жануарлардың нақты санын анықтап, оларды есепке алып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мәліметінше, өлі итбалықтар туралы хабар 3 шілдеде түскен. Осыдан кейін оқиға орнына мамандар барған.

Тексеру барысында экологтер жануарлар табылған аумақтан теңіз суының сынамаларын алды. Зерттеу нәтижелері итбалықтардың қырылу себептерін анықтауға және қоршаған ортаның жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

Қазір жағалауды тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Жануарларды есепке алу аяқталып, зертханалық сараптама нәтижелері дайын болғаннан кейін қосымша ақпарат жарияланады.

Еске сала кетейік, Каспий итбалығы – Каспий теңізіндегі жалғыз теңіз сүтқоректісі. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Соңғы жылдары Маңғыстау облысының жағалауында итбалықтардың жаппай қырылу фактілері бірнеше рет тіркелген. Осыған байланысты экологтер мен салалық мамандар кешенді зерттеулер жүргізгенімен, көп жағдайда өлекселер қатты бұзылып кеткендіктен, жануарлардың қырылу себебін нақты анықтау мүмкін болмай келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары