ІІМ: Үш күнде 2 400 жасөспірім полицияға жеткізілді жеткізілді

/
ІІМ: Үш күнде 2 400 жасөспірім полицияға жеткізілді жеткізілді
Polisia.kz

“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1–3 шілде аралығында Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Абай және Ұлытау облыстарында ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара балалардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеуге бағытталды. Шараға 3 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылды. Полицияға 2400 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық үшін 1500, қараусыздық пен панасыздық жүргені үшін 1000 жасөспірім жеткізілді.

Іс-шара барысында 4 мың әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 257 ата-ана және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарынмен көшелерде болғаны үшін 1500 жуық ата-ана жауапкешілікке тартылды. Өңірлерде іс-шара аясында жасөспірімдермен қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Аталған іс-шара алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары