ТЖМ құтқарушылары дронның көмегімен жоғалып кеткен қызды тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Павлодар облысында 112 пультіне қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Ол Ертіс өзенінің жағасында достарымен демалғаннан кейін табылмай қалған.
Іздестіру жұмыстарына дауыс зорайтқышпен жабдықталған дрон қолданылды. Құтқарушылардың әуеден берген үндеуін естіген 2003 жылы туған қыз жауап беріп, іздестіру тобына қарай бет алған.
Қыз полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Медициналық көмек қажет болған жоқ.