«Он жас үлкен, 1 баласы болды»: Роза Бағланованың жалғыз келіні отбасылық өмірі жайлы айтты

/
«Он жас үлкен, 1 баласы болды»: Роза Бағланованың жалғыз келіні отбасылық өмірі жайлы айтты
видеодан скриншот

Аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың жалғыз ұлы Тәженнің сүйген жары Марал Бағланова журналист Гүлбаршын Зайырға сұхбат беріп, отбасылық өмірі жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Студент кезімде жалдамалы пәтерде тұрдым. Менімен бірге екі құрбым тұрды. Сол бір құрбымның қайын сіңілісі Тәженнің үйінде қызметші болып, апаның көмекшісі болып жұмыс істеген. Бір күні сол қайын сіңілісі біздікіне келді. «Апама жаным ашиды, келін таппай, Құдайдан келін сұрап жүр» дегенін естідім. Сол кезде қыздар «Сені таныстырайық» деп әзілдей бастады. Ол кезде мен Роза Бағланованың әртіс екенін білемін, бірақ үлкен тұлға екенін, түрін білмеймін.  Сөйтіп жүріп Тәженмен телефонмен таныстық. Мен жаңағы құрбымның қайын сіңілісіне бір жұмыспен қоңырау соққанмын. Сол кезде телефонды Тәжен алып, кейін маған хабарласты», - дейді ол.

Марал Бағланова Тәженмен танысқанда, оның алғашқы некесінен бір қызы болған.

«Тәжен менен 10 жас үлкен. Екеуміздің 4 баламыз бар. Тәжен бұрын үйленген, бірақ ол отбасымен көп тұрмаған. Бір жарым жылдай тұрып, ажырасып кеткен. Ол некесінен бір қызы бар. Есімі Ақерке. Енем тірі кезінде Ақеркені туған күнінде шопыр жіберіп, үйге алдыртып, сыйлығын беріп жіберетін. Қазір Ақерке 28-де. Біздің үлкен ұлымыз 24-те. Тәжен бірінші отбасынан ажырасқаннан кейін үш жылдан кейін үйлендік. Ақерке анда-санда үйге келеді ғой. Бала ғой, екінші-үшінші сыныпқа дейін әкесін қызғанып жүрді. Кейін ес кіре бастаған кезінде өзім үйге жиі алдыртып жүрдім. Өйткені артынан ерген бауырлары бар. Біз мәңгі емеспіз. Солар қалады. Бір-бірін білулері керек. Мен келін болып келгенде енем (Роза Бағланова) 79-да еді. Енемнің азан шақырып қойған есімі Үрбибі. Жүкті кезімде қызды болатынымызы білгенде атын бірден Үрбибі қоямын деп шештім», - дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары