Венесуэладағы зілзала: сегіз күн үйінді астында жатқан ер адам тірі табылды

/
Венесуэладағы зілзала: сегіз күн үйінді астында жатқан ер адам тірі табылды
Видеодан скриншот

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адам тірі табылды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Құтқарушылар Ла-Гуайра қаласындағы Galerías Playa Grande сауда орталығының үйінділері астынан күзетші Эрнан Альберто Хиль Флоресті аман алып шықты. Қазіргі таңда оған дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Тірі қалғандарды анықтау үшін құтқарушылар әр бес минут сайын бір минутқа барлық жұмысты тоқтатып, үнсіздік жариялайды.

Еске салайық, 24 маусымда Венесуэлада магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жойқын жер сілкінісі тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша, шамамен 50 мың адам із-түзсіз жоғалған. Ал парламент спикері Хорхе Родригестің айтуынша, апат салдарынан 2295 адам қаза тауып, 11 267 тұрғын түрлі жарақат алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары