Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2300 адамға жуықтады. Қайтыс болғандардың арасында сұлулық байқауының жеңімпазы да бар, деп хабарлайды turkystan.kz.
Bild басылымының жазуынша, құтқарушылар Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді аршуды жалғастырып жатыр. Қаза тапқандар саны әлі де өсіп келеді. Үйінді астынан табылғандардың бірі – сұлулық байқауының жеңімпазы Скарлент Родригес.
23 жастағы қыз бен оның жігіті Хосе Кастро Катиа-ла-Мар қаласында құлаған тұрғын үйдің үйіндісі астынан табылды. Ерлі-зайыпты емес жұптың туыстары оларды соңғы сәтке дейін тірі табады деп үміттенген.
Скарлент Родригес "Мисс Гранд Орландо – 2025" байқауында жеңіске жеткеннен кейін танымал болды. Кейін ол "Мисс Гранд Флорида" байқауына қатысқан, алайда бас жүлдені жеңіп ала алмаған.